Германия тұрғыны 16 000 еуросы бар рюкзакты иесіне қайтарды

Германия тұрғыны 16 000 еуросы бар рюкзакты иесіне қайтарды

Оқиға Рождество мерекесі қарсаңында болған.

Германияның Крефельд қаласының 51 жастағы тұрғыны орталық көшелердің бірімен кетіп бара жатып, саябақтағы ағаштың түбіндегі рюкзакты байқайды. Ер адам сөмкенің ішінде ақша мен бағалы заттар барын білген соң полицияға хабар берген, – деп жазады Lifter.com.ua. Осылайша рюкзактың иесіне барлық қаражаты мен бағалы заттары қайтарылды.

Немістердің дәстүрі бойынша жоғалған затты тауып берген адамға соған лайықты сый жасалуы міндет. Мұндай жағдайда ер адам 490 еуро көлемінде сыйақы алуы тиіс болатын. Алайда, ол Рождество мерекесінің құрметіне орай сыйақыдан бас тартқан.