Иранда 180 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Иранда 180 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

«РИА Новостидің» хабарлауынша, 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ Тегеран халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған.

Tasnim агенттігінің мәліметінше, әуежай басшылығы әуеге көтерілген ұшақтың апатқа ұшырағанын хабарлаған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақтың апатқа ұшырауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. 

«Рейтердің» хабарлауынша, Boeing 737 ұшағының апатына байланысты оқиғаның анық-қанығы қосымша хабарланады.

Лайнерде 180 жолаушы болған. Әзірше қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.