Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының маңында автобус өртенді

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының маңында автобус өртенді

Нұр-Сұлтан қаласында №12 қоғамдық көліктен өрт шықты, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бүгін таңертеңгі сағат 9:00-де халықаралық әуежайдың вокзал маңындағы аумағында №12 автобустан өрт шықты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – деп жазды Facebook парақшасында «Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Компанияның баспасөз хатшысының айтуынша, автобус жүргізушісі өртті бастапқыда өзі сөндірмеек болған.

«Жүргізуші өз күшімен тілсіз жауды ауыздықтамақ болған. Алайда ол қолынан келмепті. Осыдан кейін ол өрт сөндіру қызметін шақырған. Оқиға орнына автобустан өрттің неліктен шыққанын анықтау үшін арнайы лаборатория мамандары жіберілді», – деді Науат Азанбаева.