Астаналық студент ерекше жөргек ойлап тапты

Астаналық студент ерекше жөргек ойлап тапты

«Тәй-тәй» жөргектерінің авторы Махаббат Алпысбаева, – деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, жөргектер балаға жайлы әрі денсаулыққа пайдалы. Ортопедиялық жөргектер табиғи матадан тігілген.

Медицина университетінің дәрігері Махаббат Алпысбаева: «Былтыр елде төтенше жағдай жарияланып, біз қашықтан оқыдық. 3 айдан кейін профессор Роза Ағабекқызы екеуіміз маңызды жобаларды іске асыра бастадық. Мен жөргектерді осы кісінің жетекшілігімен ойлап таптым. Біз Халықаралық бағдарламаға қатысып, жеңімпаз ретінде 600 мың теңге алдық. Ол ақшаға тігін машиналарын сатып алдым. Қазір түрлі ортопедиялық бұйымдарды тігіп жатырмыз», – дейді.

Қазір ол көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамтып отыр.