«Қара жәшікті зерттеуге АҚШ-қа бермейміз!» – Иранда құлаған Украина ұшағы жайында деректер шықты

«Қара жәшікті зерттеуге АҚШ-қа бермейміз!» – Иранда құлаған Украина ұшағы жайында деректер шықты

Украиналық ұшақтың апатын Киев пен Тегеран бірлесіп тергейді, – деп жазады 24.kz.

180 жолаушының өмірін қиған апатты тергеу жұмыстарын Киев пен Тегеран бірігіп жүргізеді. Украина Сыртқы істер Министрі Вадим Пристайко мен Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зариф осындай келісімге келді. Бұл туралы украиндық саясаткер Твиттердегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ, соңғы ақпарлар бойынша апатқа ұшыраған Боингтың қара жәшіктеріндегі деректер Иранда оқылмақ.

Бұл туралы осы елдің азаматтық авиация ұйымының департамент басшысы Хасан Резаифар мәлімдеді.

Оның айтуынша мемлекет заңына сәйкес, қара жәшіктегі деректер Иранның уәкілетті мемлекеттік зертханасында жүргізіледі. Бұған дейін дәл осы ұйымның басшысы украиндық ұшақтың қара жәшігі «Боинг» компаниясына да, американдық тарапқа да берілмейтінін айтқан еді.