Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздің қалаларындағы ауа сапасы туралы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, 13 ақпан күні 6 қалада – Петропавл, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Талдықорғанда ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық ахуалы қалыптасады. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.