Қазақстан азаматтары бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады

Қазақстан азаматтары бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады

Қазақстан азаматтары бүгіннен бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе алады. 21 қаңтарда Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды. Заңда Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті өзімен бірге алып жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау көзделген. Яғни, автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде, ол жеке куәлігін ұсынып, сол жеке куәлікпен полиция қызметкері планшет арқылы электрондық базада оның қажетті құжаттары бойынша тексеру жүргізе алады.