Мұнай резервуары өртенді

Мұнай резервуары өртенді

Ақтөбе облысындағы Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарын сақтайтын үш мың куб резервуар өртенді, – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға Жаңажол мұнайгаз кешені мұнай зауытының аумағында болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Резервуарда мұнай мен су болған. Өрт сөндіруге сегіз арнайы техника мен 35 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Ақтөбе қаласынан қосымша ТЖД техникасы мен күштері (25 қызметкер мен бес арнайы техника) жұмылдырылды.

Ақтөбе уақыты бойынша 22:59-да кен орнында өрт толықтай сөндірілді.