Қазақстанның тағы бір облысы «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанның тағы бір облысы «қызыл» аймақтан шықты

14 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір ғана облысы  – Павлодар облысы «қызыл» аймақта қалған болатын. 13 ақпанға дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті. «Сары» аймақта Ақмола облысымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.