Ғалымдар вирус адам иммунитетінің әсерінен өзгеріске ұшырайтынын айтты

Ғалымдар вирус адам иммунитетінің әсерінен өзгеріске ұшырайтынын айтты

Ғалымдар коронавирус инфекциясының "ескіру" қаупі туралы ескертті. Вашингтон университетінің вакцинологы Майкл Кинч коронавирус мутациясы қолданыстағы COVID-19 вакциналарын тиімсіз етуі мүмкін деп есептейді. Маманның айтуынша, қазір әзірлеушілерде вакциналарды модернизациялау құралдары бар, бірақ болашақта жаңа штамдармен күресудің балама тәсілдері қажет болады, – деп жазады Bloomberg. Бұл пікірмен Оксфорд университетінің жетекші зерттеушісі Эндрю Поллард келіседі. Ол ғылыми қауымдастық пен фармкомпаниялар SARS-CoV-2 мутациясының қандай болатынын әлі білмейтінін атап өтті.

"Біз қазір қандай мутациялар болып жатқанын білеміз. Бірақ вирус адам иммунитетінің әсерінен өзгере беруі мүмкін", – деп атап өтті ғалым.
ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде 107,4 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, шамамен 2,36 миллион адам қайтыс болды. Жақында SARS-CoV-2 жаңа штамдары тарала бастады: оңтүстік африкалық – 44, бразилиялық, жапондық – 15 және британдық штамм қазірдің өзінде 86 елден табылды. Зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың Оңтүстік Африкадағы нұсқасы жұқпалы. Алайда аурудың әсері, қаупі туралы мәліметтер әзірге белгісіз болып отыр.