Елбасы көңіл айтты

Елбасы көңіл айтты

Елбасы халықаралық «Қазақ тілі» қоға­мы­ның президенті Өмірзақ Айтбаевтың от­ба­сына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті ғалым, академик Өмірзақ Айтбаевтың өмірден өтуі­не байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.

«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының пре­зи­денті қызметін атқарған ол мемлекеттік тіл­дің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы та­лай игі істердің ұйытқысы болды. Азаматтық ай­қын ұстанымымен, қажырлы еңбегімен тіл жә­не терминология, мәдениет пен руханият са­лаларының өсіп-өркендеуіне атсалысты. Ел-жұрт­тың құрметіне бөленіп, соңына көптеген ғылыми еңбектері мен лайықты шәкірттерін қалдырды.

Өмірзақ Айтбайұлының ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.