Абай атындағы мемлекеттік сыйлық

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық

Ендігіде Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық «Абай атындағы мемле­кет­тік сыйлық» деп атала­ды. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында жазды.

Президент әдебиет және өнер саласындағы үздік шығар­ма­ларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп атала­тынын мәлімдеді. Бұл жайы­нда «Абай және ХХІ ғасыр­дағы Қазақстан» мақаласында: «Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдері өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады» деп жаз­ды Мемлекет басшысы.

Ел басшысы сонымен бірге Семей қаласында өте­тін ғылы­ми-практикалық кон­фе­рен­ция жайы мен Абай мұра­сын жаңа Қазақстан игілі­гіне жарату керегін нұқса­ды. «Биыл Абайдың 175 жылды­ғы­на орай халықаралық, респуб­ликалық және аймақтық дең­гейде 500-ден астам іс-шара ұйым­дастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткі­зілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-прак­тикалық конференция ең басты шараға айналады. Сон­­дай-ақ қазан айында Нұр-Сұл­тан қаласында «Абай және рухани жаңғыру мәсе­ле­лері» деген тақырыпта ха­лықа­ралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығар­ма­шылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пай­далануға жол ашылады» делін­ген Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ