Демалыс күндері жауын-шашынды ауа райы күтіліп отыр

Демалыс күндері жауын-шашынды ауа райы күтіліп отыр

11-13 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды, бұлтты ауа райы күтіледі,– деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен Қазақстанның өңірлерінде тұман, көктайғақ, бұлтты және жауын-шашынды күн райы сақталады», – делінген ауа райы болжамында.
Синоптиктер атап өткендей, ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болатыны болжанады.
«Тек республиканың оңтүстігінде ауа температурасының қысқа мерзімге төмендеуі күтіледі», – делінген хабарламада.