Ұшақ апатынан қаза болғандар ісіне қатысты комиссия құрылды — Иран

Ұшақ апатынан қаза болғандар ісіне қатысты комиссия құрылды — Иран

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Тегеранда құлаған Украина ұшағында қайтыс болғандардың ісі бойынша Консулдық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын хабарлады.

Киевке ұшып бара жатқан «Украина халықаралық әуе желісі» компаниясының Boeing 737-800 ұшағы 8 қаңтарда сәрсенбі күні Тегеран әуежайынан ұшып шыққан соң апатқа ұшырады.

Ұшақта болған 176 адам түгел қайтыс болды. Жолаушының арасында Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция және Ауғанстан азаматтары болған.

Иран Ислам Республикасының саяси және консулдық миссиясының өкілдері мерт болған азаматтар отбасының қажеттіліктерін жіті қадағалап отырғанын айтты.

«Иран сыртқы істер министрлігінде ұшақ құлауы кезінде қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсететін арнайы жұмыс тобы құрылды», - деп мәлімдеді Мусави.

Қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетпек.