АҚШ Ирактағы әскерін алып кетуді қарастырып жатыр

АҚШ Ирактағы әскерін алып кетуді қарастырып жатыр

Вашингтон Ирактағы АҚШ әскеріне байланысты мәселені осы елдің билігімен ақылдаса отырып шешетін болады, – деп жазады 24.kz.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, қазір Ақ үй ресми Бағдадпен осы іс бойынша жан-жақты келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, өткен аптада Ирак парламенті үкіметке елдегі АҚШ әскерін шығаруды міндеттейтін қарар қабылдаған болатын.

Осыған байланысты президент Дональд Трамп АҚШ әскерін Ирактағы әуе базаларды тұрғызуға кеткен шығын өтелсе ғана шығарылатынын айтқан еді.