Қытайда таралған пневмония Жапонияға жетті

Қытайда таралған пневмония Жапонияға жетті

Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Kyodo-ға сілтеме жасап.

Ер адам жақында ауру ошағы саналатын Қытайдың Ухань қаласына барып, қайтқан. Ол бүгінде ауруханадан шыққан. Жапония билігі мәлімет жинау мақсатында жедел штаб құрып, вирустың көзін жою шараларына кіріскен. Қытайлық эпидемиологтар Ухань қаласындағы пневмонияның тарауына жаңа коронавирус себеп болғанын анықтаған.

Пневмония өкпенің қабынуымен қатар жүрек, бауыр, асқазанды да дертке душар етуі мүмкін.

Көбіне науқас денесі тоңып, қалтырап, тыныс алуы қиындайды.

Айта кетейік, коронавирус – 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш рет 1965 жылы анықталған. Көбінесе, малдан жұғады. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесін зақымдануы мүмкін.