«Екі құбырдың ортасына қысылып қалған» – баласын тастап кеткен әйелді іздеп жатыр (видео)

«Екі құбырдың ортасына қысылып қалған» – баласын тастап кеткен әйелді іздеп жатыр (видео)

Атырауда жылу құбырының үстінен табылған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды AstanaTV.

Телеарнаның хабарлауынша, жаңа туған шақалақты қала тұрғыны тауып алған. Тастанды сәби облыстық балалар ауруханасында.

Сәбиді қаладағы «Авангард» ықшамауданының тұрғыны Надежда Пали тауып алған. Нәресте 5 қабатты үйдің жанындағы жылу құбырдың үстінде жатқан.

Зейнеткер үйдің 4-қабатында тұрады. Қан қысымымен ауыратын қария терезесін үнемі ашып қоятын болған.

Таңғы сағат 7-лер шамасында нәрестенің дауысын естіген.

– Бастапқыда анасы баласын жұбата алмай тұр ма деп ойлағанмын. Бірақ жылаған дауыс тыйылмады. Мен шыдамай тұрып, терезеден қарадым. Ешкім көрінбеді. Бірақ жылаған сәби дауысы естіліп тұрды. Киініп шықтым. Қалта шамның жарығымен қарасам, ораулы бір нәрсе жатыр. Көтеріп алмақшы болып ем, екі құбырдың ортасынан сырғып кеткен. Әрең шығарып алдым. Сосын «жүрексіздер, бұл не істегендерің?» деп айқайладым. Сәбиді үйге әкеп, диванға қымтап жатқыздым да бірден жедел жәрдем мен полицияға хабарластым, – дейд Надежда Пали.



Дәрігерлер бала жаурап қалғаны болмаса, дені сау дейді.

Атырау облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ғалым Ембергенов: «Баланың дені сау, қосымша тексеру барысында баланың жалпы туабітті ауруы жоқ. Айы-күні жетіп өмірген келген. Салмағы түскен кезде -  3 келі 340. Бойы – 50 см», – дейді дәрігер.

Тергеу жалғасып жатыр.