«Мектеп дәретханасын күзетпедің» деп мұғалімді кінәлаған полицейдің қайда екенін айтты

«Мектеп дәретханасын күзетпедің» деп мұғалімді кінәлаған полицейдің қайда екенін айтты

Түркістан облыстық полициясы Данияр Мейірханның қазір қайда екенін айтты, – деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Түркістан облыстық Полиция департаменті Түркістан полициясын басқарған Данияр Мейірхан қазір уақытша қызметінен шеттетілген.

«Түркістан облысы Полиция департаменті басшысы генерал-майоры Қ. Дәлбековтің бұйрығымен Түркістан қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан қызметтік тергеу кезінде уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлаймыз. Қызметтік тергеуді Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізіп жатыр. Полиция подполковнигі Данияр Мейірхан емделіп шыққан соң тиісті шешім қабылданады» делінген ресми жауапта.

Түркістан полиция басқармасы басшысының міндеттері оның орынбасары полиция подполковнигі Е.Өсербаевқа жүктелді.

Айта кетейік, биыл 13 желтоқсанда Түркістан қаласындағы №15 орта мектептің дене шынықтыру мұғалімін полиция ұсталған.

Ол кезекші болған кезде «аяғынан су өтіп кеткендіктен, аяқкиімін ауыстыруға мектепке кіргені» үшін полиция ұстап әкеткен. Кейін оқиғаның анық-қанығы анықталған соң, Данияр Мейірхан мұғалімнен кешірім сұрады.