Қытай халқының саны 1,4 миллиардтан асты

Қытай халқының саны 1,4 миллиардтан асты

Қытай халқының саны 1 млрд 400 млн 50 мың адамға жетті, - деп жазады korrespondent.net-ке сілтеме жасап 24.kz.

Гонконг, Макао және Тайваньның арнайы әкімшілік аймақтарын есептемегенде Қытай халқы былтыр 4,67 млн адамға көбейіп, 1,4 млрдтан асқан.

Дереккөздің жазуынша, 2019 жылы Қытайда 14,65 млн нәресте дүниеге келіп, туу коэффициенті мың адамға шаққанда 10,48-ге жеткен.

Былтыр Қытайда 9,98 млн адам қайтыс болып, өлім көрсеткіші мың адамға шаққанда 7,14-ке жетті. Ерлер саны 715,27 млн-ға, ал әйелдер 684,78 млн-ға көбейген.