Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды

«Ақорданың» хабарлауынша, Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

Аймақтың жаңа басшысын Премьер-Министр Асқар Мамин таныстырды.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл);

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл);

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл);

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (Master of Business Administration іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі, 2017 жыл) тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

1995 жылдан 2005 жылға дейін - Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2005-2006 жылдары - Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

2006-2008 жылдары - Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары (экономика және қаржы бойынша);

2008-2010 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

2010-2012 жылдары - Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы;

2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2014 жылдан 2016 жылға дейін - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс министрінің орынбасары (экономика және қаржы бойынша).

2019 жылдың сәуірінен соңғы тағайындауға дейін ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі (2014).

Айта кетейік, Павлодар облысын бұған дейін Болат Бақауов басқарған болатын.