10 жыл күткен сәбиі он күннен соң көз жұмды

10 жыл күткен сәбиі он күннен соң көз жұмды

Алматыдағы перзентханада 10 күн бұрын өмірге келген шақалақ шетінеп кетті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Салмағы  4 келіден асып туған, дені сау нәресте аман-есен үйіне шығарылған. Алайда денесі сарғайып, құса берген соң анасы жедел-жердеммен сәбиді перинаталды орталыққа жеткізіпті. Бұл жерде үш күн жатқан шақалақ кеше қайтыс болды.

Дереккөздің жазуынша, сәбиінен айрылған отбасы баласының өлімін сары ауруға қарсы салынатын екпеден көріп отыр.

Қаңтардың 9-ы күні туған сәби осыдан үш күн бұрын Алматыдағы перинаталды орталыққа жеткізілген. Алайда дәрігерлер баланың «құжаты жоқ» деп, бір жарым сағат бойы дәлізде күттіріп қойған.

Баланың әкесі Илья Рогозин: «№3 перзентханадағы перинаталды орталыққа әкелді. Біз баланың құжаттарын үйде ұмытып кетіппіз. Сондықтан мен оларды әкелгенше, бізді қабылдамады. Әйелім баланы ұстап дәлізде отырды. Тек сосын ғана ұлымды палатаға жатқызды», – деді.

Дәрігерлер шақалақтың «биллирубині көп, денесі сарғайған» деген диагноз қойған.

Ал шақалақтың әкесі «балам сарғаю синдромынан емес, сары ауруға қарсы салынған екпеден өлді» деп отыр.

Баланың әкесі Илья Рогозин: «Перзентханада әйелім босанған бойда балаға гепатитке қарсы екпе жасады. Баламның өліміне осы вакцина себеп болды деп ойлаймын. Олар мүмкін екпенің мөлшерін арттырып жіберген шығар. Одан кейін баланың денесі сарғайып тұрса, перзентханадан шығаруға болмайды. Оны емдеу керек», – дейді.

Тергеу жалғасып жатыр.