«Қызыл» аймақтағы Алматыда мешіттер мен шіркеулер енді қалай жұмыс істейді?

«Қызыл» аймақтағы Алматыда мешіттер мен шіркеулер енді қалай жұмыс істейді?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ерғали Көшеке мен қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай Алматының «қызыл» аймаққа енуіне байланысты мешіт, шіркеулердің жұмыс істеу тәртібі туралы айтты.

Басты талап – кемінде 2 метр арақашықтық сақтау, бетперде тағу. Келушілердің температурасын өлшейді. Бетпердесіз азаматтарды мешіт, шіркеуге кіргізбейді.

«Жамағаттан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауын сұраймын. Мұндай талап, шектеулер бірінші рет енгізіліп отырған жоқ. Қиындықты бірге жеңеміз. Тек қана жеке құлшылық етуге рұқсат етіледі. Жаңа шектеуге байланысты жұма намазы, жексенбілік діни жоралғылар уақытша өткізілмейді, – деді Ерғали Көшеке.

Бұған дейін Алматының Бас санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдаған болатын.