Атырау облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Атырау облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Атырау облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 18 наурызда Атырауда қатты жел болуы мүмкін. «Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, 17 наурыз күнгі сағат 20.00-ден 18 наурыз күнгі сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында қатты жел болады. 18 наурызда Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетуі мүмкін.