Танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті

Танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті

Танымал журналист Дүрәлі Дүйсебай дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Бейбіт Тоқтарбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайран біздің Дүраға, сізге де уақыт келгені ме? Өзінен кейінгілерге білетін ақылын айтудан жалықпайтын, жаны жайсаң жан еді. Пейілінде қылаудай кіршік жоқ таза адам еді. Баладай аңғал Дүрағамен "Халық сөзі" газетінде, сосын ЕҰУ-да бірге қызмет еттік. Отбасы мен туыстарына, достарына көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын!",  –  деп жазды ол. 
Дүрәлі Дүйсебай – Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері. Еңбек жолын 1981 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде бастаған. Одан кейін  Мемлекеттік тергеу комитетінің "Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание" газетінің бас редакторы болды, ҰҚК-де қызмет атқарды. Соңғы жылдары Sport газетінде жұмыс істеді.