"Астана" онжылдықтағы әлемнің үздік клубтар қатарынан көрінді

"Астана" онжылдықтағы әлемнің үздік клубтар қатарынан көрінді

Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) онжылдықтағы үздік клубтардың тізімін жариялады. Оның арасында елордалық «Астана» клубы да бар. Үздік клуб болып Испанияның «Барселона» командасы аталды. Сондай-ақ, үздік бестікте:  «Реал Мадрид» (Испания), «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция) және «Атлетико» (Испания) бар. Рейтингте ұсынылған 140 команданың ішіне қазақстандық клуб та енген. Елордалық «Астана» командасы соңғы 139-орынды «Мальмё» (Швеция) командасымен өзара бөліскен. IFFHS-тің рейтингті құрастырар кезде клубтардың 2011 жылғы қаңтар айынан 2020 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта ресми жарыстардағы табыстары есепке алған.