«Бриллиант сақинамды бердім»: Мақпал Жүнісова сахнада кішкентай қызға ерекше сыйлық жасады (видео)

Әнші кішкентай көрерменін құр қол қайтармады.

Әнші Мақпал Жүнісоваға концерттерінің бірінде кішкентай көрермені сый жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ән айтып біткенде сахнаға көтерілген кішкентай қыз әншіге зергерлік бұйым сыйлады. Ал бұған риза болған әнші кішкентай көрерменін құр қол қайтармады. Оған саусағындағы сақинасын шешіп берді.

«Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты. риза болғаным соншалық, анаң тағып жүрсін деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім, аман болайық», - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.