Қазақстан құрамасы Франциядан 0:2 есебімен жеңілді

Қазақстан құрамасы Франциядан 0:2 есебімен жеңілді

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Франция құрамасы арасындағы ойын аяқталды. 

Сонымен ұлттық құрама жейдесінде алаңға алғашқы минуттардан Мокин, Әліп, Малый, Ерланов, Быстров, Валиуллин, Тағыберген, Мужиков, Васильев, Нұрғалиев және Федин шықты. Ал француздардан Льорис, Динь, Лангле, Зума, Дюбуа, Ндомбеле, Погба, Марсияль, Гризманн, Лумар, Дембеле ойын көрсетті. Бірінші таймда француздар Мокиннің қақпасына 2 гол салды. Оның біріншісін Дембеле соқса, екіншісін Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Малый салды (автогол).   Үзілістен кейін есеп өзгермеді. Француз шабуылшысы Мбаппе алаңға шығып, берілген пенельтиді орындай алмады. Оның тепкен соққысын қазақстандық қақпашы Александр Мокин қайтарып үлгерді. Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша төрт ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты.