Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник-V" вакцинасын салдырды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник-V" вакцинасын салдырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың жағдай жақсы. 
"Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ. Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді. Бұған дейін Президент Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға шетелден вакцина жеткізуді қамтамасыз етуді және отандық вакцина өндіруді жолға қоюды, сондай-ақ, екпе салу үдерісін ұйымдастыруды тапсырған болатын", - деп жазды Берік Уәли Facebook  парақшасында.