"Қазгидромет" алдағы үш күннің ауа райын болжады. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты ауа-райы болып, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауып найзағай ойнауы мүмкін.
"Республиканың кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақта шаңды дауыл болады", – делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.Синоптиктер екі облыста дабылды ескерту жариялады: Жамбыл облысында – секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, шаң көтерілсе, Қарағанды облысында – тұман қаптап, солтүстік-шығыста секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.