Ауыл тұрғындарының өтініші орындалды

Ауыл тұрғындарының өтініші орындалды

 «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде аудандық мәслихат депутаты Ғани Сейтқалиұлы қоғамдық қабылдау өткізген болатын. Қоғамдық қабылдау бөліміне онлайн өтініш қалдырған Жаңабазар ауылының (халық саны – 12 259 адам), Үшбастау елді мекенінің (халық саны – 747 адам)  ауыл биі Шералхан Батырұлы Үшбастау  ауылына кіре берген жерді көгалдандырып беруді өтінді. Осыдан кейін «Nur Otan» партиясының атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты мәселенің шешу жолын қарастырды. Нәтижесінде, «Nur Otan» партиясының атынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Ғани Сейтқалиұлының демеушілігімен және ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен Үшбұлақ ауылының кіреберіс жеріне 500-ге жуық ағаш отырғызылып, ауыл биінің өтініші орындалды.