Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294 КВИ+ және 455 КВИ -) КВИ-ға қарсы емделіп жатыр, оның ішінде 13 526 пациент стационарда, 24 223 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жүр. КВИ+ және КВИ - пен ауырғандардың ішінде:
- 641 науқастың жағдайы ауыр;
- 159 науқастың жағдайы өте ауыр;
- 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.