Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында ауыр атлетикадан Арли Чонтей құрама қоржынына алтын медаль әкелді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Арли Чонтей жарысқа 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, 255 (115+140) келі көтерді. Екінші орында 244 (108+136) келі нәтижесімен оның командасындағы серіктесі Абылай Әуелханов тұр. Үздік үштікті 240 (108+132) келі көтерген өзбекстандық Огабек Нафасов аяқтады.