Қытайда "Димаштікі секілді" деп аталатын шаш үлгісі пайда болды

Қытайда "Димаштікі секілді" деп аталатын шаш үлгісі пайда болды

Қытайда "Димаштікі секілді" деген шаш үлгісі пайда болыпты. Шаштараздар ұсынатын бұл қызмет түрі өте жоғары сұранысқа ие. Мамандар Димаштың шаш үлгісін бұрын басқалардың да пайдаланғанын айтады. Бірақ оның барлығы бірдей Димаш секілді атақты емес. Димаштың стилисті Атаджанның айтуынша, әншінің шаш үлгісі сәнді дегеннен гөрі қолайлы дегенге келеді.

– Мұндай шаш үлгісін қию өте оңай. Адамдардың көбі осы үлгіде шаш қидырады. Себебі күнделікті өмірге қолайлы. Ал шаштың пішініне келетін болсақ, оны әртүрлі қылып жатқызып беруге болады. Грандж, Бич Лук сынды стильдер бар. Мысалы, ол үшін дымқыл шашқа мусс жағып, теңіз тұзын қолданса болады. Сонда шаш көтеріліп, толқынға ұқсап бұйраланады. Шаш майлы болмайды, – дейді ол.
https://www.youtube.com/watch?v=TXOi1ZSbUxs&t=139s&ab_channel=%D0%97%D0%B2%D0%B5%D0%B7%D0%B4%D0%BD%D1%8B%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BA%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%8B