Алматыдағы атыстың себебі белгілі болды

Алматыдағы атыстың себебі белгілі болды

Ер адам мен күзетші арасында жанжал тұрғын үй кешенінің кіреберісінде жарты жылдан бері тұрған диванға байланысты туындаған болуы мүмкін. Себебі дивандарды арнайы мамандар сыртқа шығарып тастаған. "Бұқар Жырау" кешенінің тұрғыны ғимаратта атыс шығуына не себеп болғанына қатысты ойын айтты. "Ұйықтап жатқанмын. Мылтық даусынан ояндым. Жақын жерден даусы анық естілді. Бұл сағат 12.40-та болды. Есікті қағып, эвакуация жасалып жатқанын айтты. Бастапқыда түсінбей қалдым. Киінбей шыға салдым. Жаттығып жатқан шығар деп ойладым. Кейіннен оның күзетшінің аяғына оқ атқанын білдім", - деді ер адам Sputnik Қазақстан тілшісіне. Оның сөзінше, күзетшінің аяғына оқ атуына сол жерде жарты жылдан бері тұрған диванның кенет далаға шығарылғаны себеп болуы мүмкін.

"Жарты жылдан бері кіреберісте дивандар тұрды. Пәтер иелерінің кооперативі шаршаған болу керек, оларды көшеге шығарды. Оқ атқан адам шығып, соған жынданған. Күзетшіге барып, "рацияңды бер, бастығыңмен сөйлесемін, неге олай істегенін сұраймын" деген. Ал күзетші рацияны беруге құқығы жоқ екенін айтқан. Ал ол күзетшінің аяғына оқ атқан. Оны ауруханаға жіберіпті. Бірақ мұның қаншалықты рас екенін білмеймін. Маған осылай айтты, мен соған сенемін", - деді тұрғын. "Ол жақта қыздар жүгіріп жүрген, олар қару көргендерін айтты. Егер ол жағдай сағат 11.50-де болса, неге мен 12.30-12.40-та қару дауысынан ояндым? Меніңше, ол қаруын жоғалтып алды. Пәтерінде басқа қаруы болуы мүмкін. Егер ол далада оқ атса, жоғары қабаттағы мен қалай естимін? Ол оқ атып, қаруын тексерген шығар", - дейді.
Тұрғындар оның бұрын да көршілерге дөрекі мінез көрсеткенін айтады. Tengrinews.kz "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіге оқ атқан ер адам туралы айтып бергенін жазады. Әйелдің айтуынша, ол күндізгі сағат 12-де серуендеуге шыққан, бірақ үйіне кіре алмай қалған.
"Иә, бұл адам мұнда бұрыннан тұрады. (...) Ол  біртүрлі адам. Менің ойымша, жасы 50-ден асқан. Қырсық, қаталдау. Диванға келсек, мұның бәрі қауесет (әлеуметтік желіде жанжал диванға қатысты туды деген нұсқа туралы. - Еск.). Кіреберістегі бұл дивандар ұзақ уақыттан бері тұр. Ол маған ешқашан дөрекілік көрсетпеді. Қаруын ешқашан көрмедік, бірақ ол қиын адам. 17-қабатта тұрады", - дейді тұрғын үй кешенінің тұрғыны.