Жаркент әкімінің журналистің сұрағына берген дөрекі жауабы желіде қызу талқыланып жатыр – видео

Жаркент әкімінің журналистің сұрағына берген дөрекі жауабы желіде қызу талқыланып жатыр – видео

Желіде Жаркент әкімі Болат Омаровтың журналистің сағат туралы сұрағына берген жауабы қызу талқыланып жатыр. Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров "Хабар 24" арнасындағы "Әкімдер" тележобасы шығарылымының кейіпкері болды. Қала басшысы бейресми кездесуде журналист сұрағына бейресми жауап берді. Әңгіме барысында журналист әкімнің сағатына назар аударып,  сұрақ қойды. Ал ол мұны арандатушылық деп санап, іш киімі туралы сұрауды, содан кейін көзілдірігін бағалауды ұсынды.