Қазақстанның кейбір аймақтарында қатты жел болып, үсік жүреді

Қазақстанның кейбір аймақтарында қатты жел болып, үсік жүреді

Қазгидромет  4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 4 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 метр секундқа жетеді. Қызылорда аласында күндіз шаңды дауыл болады. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде солтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 метр секунд. Павлодар қаласында түнде солтүстіктен жел соғады. Ақмола облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 метр секунд болады деп күтіледі. Түнде кей жерлерінде 3 градус үсік болады. Көкшетау қаласында түнде -1-3 градус үсік болады. Нұр-Сұлтанда -1-3 градус, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 2 градус үсік болады.