Ержан Мейрамов жаңа қызметке тағайындалды

Ержан Мейрамов жаңа қызметке тағайындалды

Ержан Мейрамов 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақ экономикалық университетін, Лондон Корольдік колледжін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, экономист, мемлекеттік саясат магистрі. Еңбек жолын 2003 жылы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің құқықтық сараптама бөлімі маманының міндетін атқарушы болып бастаған. 2004-2011 жылдары – Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі лауазымда қызмет атқарды. 2011 жылғы сәуір-маусым аралығында Қазақстан Даму банкінің Заң департаменті директорының орынбасары болды. 2014-2016 жылдары – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ инвестицияларды коммерцияландыру және тарту департаментінің директоры. 2016 жылғы мамырдан бастап қазірге дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.