Өрт шыққан пәтерден 4 адамның мәйіті табылды

Өрт шыққан пәтерден 4 адамның мәйіті табылды

Павлодарда көп қабатты үй пәтерінен өрт шығып, екі әйел мен ер адам және бір бала қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Камзин көшесіндегі №364 үйден шыққан өрт туралы хабар кезекші бөлімге 9 мамырда сағат 21.02-де түскен. Он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, 56 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер 25 тұрғынды эвакуациялады, оның төртеуі балалар. 21.30-да өрт оқшауланып, 21.48-де толық сөндірілді. "Пәтер ішінен әйел адамның, ал баспалдақ маңынан ер мен әйелдің және бір баланың мәйіті табылды. Олардың барлығы да иіс тиіп уланған", – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов. 28 маман оқиға орнында жұмыс істеп, өртті сөндіруге 8 техника мен сынамалы өрт сөндіру зертханасы жұмылдырылды.