ШҚО-да орман өртінен 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды

ШҚО-да орман өртінен 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды

Шығыс Қазақстан облысында Риддер маңындағы орманда басталған өрт жеке үйлерге тарады. Мәліметтер бойынша, екі адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды. Өрт 10 мамырда сағат 14:00-де шыққан. Жергілікті тұрғындар құтқарушыларға құрғақ шөптің өртенгенін хабарлады. Алайда қатты жел салдарынан өрт үйлерге дейін жеткен. Өрт 14 үйге жайылды. Құтқарушылар оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялады.

"Лесхоз кентінен жергілікті ауруханаға 1949 және 1980 жылдары туған екі ер адам келді. Күйік шалып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері төбеден 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тапты, мән-жай, деректер нақтыланып жатыр", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрттің ошағында, орманда 100-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары тартылды. Қазір өрт аумағы 310 гектарға жетті. [caption id="attachment_135757" align="alignnone" > Фото: ТЖМ[/caption]