Павлодар түрмесінде кісі қолынан қаза тапқан адам екібастұздық блогер болып шықты

Павлодар түрмесінде кісі қолынан қаза тапқан адам екібастұздық блогер болып шықты

Ол кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталып, жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеп жатқан. Павлодарда қауіпсіздігі жоғары түрмеде кісі қолынан қаза болған адамның кім екені анықталды. Ол 14 жасар қызды зорлағаны үшін сотталған екібастұздық блогер болып шықты. 9 мамырда блогердің Instagram парақшасында жазба пайда болды, – деп жазады Sputnik Қазақстан. Ол жерде "Бүгін сүйікті әке, жар, сүйікті ұл және жай ғана жақсы адам Комм Юрий өмірден өтті. Мәңгі есте қалады", – деп жазылған. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиева  колонияда қаза тапқан адамның блогер Юрий Комм екенін растады.