Коронавирусқа шалдыққандарға шипажайға тегін жолдама берілуі мүмкін

Коронавирусқа шалдыққандарға шипажайға тегін жолдама берілуі мүмкін

Коронавирустан емделіп, сауыққандарға шипажайға тегін жолдама беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Мұндай мүмкіндік МӘМС-ке тұрақты қаржы аударып тұрғандарға берілуі мүмкін. Емдеу-сауықтыру жолдамасымен шипажайда 14 күн демалуға болады. Жолдама бойынша тыныс жолдары ауруларына ем алу, тұзды үңгір, тамақтану және т.б. тегін.

Бұған дейін вакцина алған азаматтар ПТР тест тапсырмайтынын жазған болатынбыз.