Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысқандарға бір жолғы жәрдемақы берілді  

Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысқандарға бір жолғы жәрдемақы берілді  

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Аққыстау ауылының тұрғыны Бақытжан Хусинов және Х.Ерғалиев ауылының тұрғыны Еркін Куанғалиев келіп, Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысқандарға бір жолғы жәрдемақы, коммуналдық шығындарының бір бөлігін төлеу жөнінде мәселе көтеріп, осы мәселенің оңынан шешілуіне ықпал етуді өтінді. Исатай аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұрым Мусин мәселені тыңдап, бұл бағыттағы құжаттарды саралап, аталған мәселе 14 мамыр күнгі VII шақырылымның кезектен тыс VI сессиясының күн тәртібіне енгізілді. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №151-V «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізілді. Нәтижесінде аудан бойынша Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан 16 адамға  100 мың теңге көлемінде бір жолғы жәрдемақы және ай сайын 15 000 мың теңге коммуналдық шығындарының бір бөлігі төленетін болды. Өтініш иелері мәселені оңынан шешуге ықпал еткен  партия филиалына, аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Нұрым Мусинге алғысын айтты.