Қазақ домбырашылары халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды – видео

Қазақ домбырашылары халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды – видео

Домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Халықаралық Golden Time Talent фестивалінде бірінші орынға ие болды. ⠀ Түрлі санаттардағы Гранд-финал онлайн форматта өтті, – деп жазады Тengrinews.kz.  Музыканттар Вивальдидің "Жыл мезгілдері" ("Жаз") топтамасындағы туындыны орындады. Видеоны Ұлыбританиядан келген команда түсірген. ⠀ "Жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Керемет эмоция. Бүгін түнде сайыс нәтижесі жарияланды. Сондай-ақ бізге келісімшарт ұсынылды, шекара ашылып, жағдай тұрақталған кезде концертке барамыз", – деді Темірлан Олжабай. ⠀ Golden Time Talent ұйымдастырушылары АҚШ-тағы Халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алғаннан кейін қазақстандықтардың дарынын байқап, оларды финалға қатысуға шақырған. Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүрген кезінде танысқан. Айта кетейік, ұжым 2017 жылы құрылған. Содан кейін олар Димаш Құдайбергеновпен бірге Қытайдағы I ' m a Singer байқауына барды. Музыканттар Түркияда, Израильде, Еуропа қалаларында өнер көрсетті.