Тұрғындардың өтінішін орындап, тұрақты жұмысқа орналастырды

Тұрғындардың өтінішін орындап, тұрақты жұмысқа орналастырды

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Түпқараған, Қарақия аудандық филиалдарына Әсем Еркінқызы және Бауыржан Дәрібаев тұрақты жұмысқа орналасу бойынша өтініш білдірді.    Осы мәселеге байланысты А.Еркінқызы Түпқараған аудандық Жұмыспен қамту орталығының басшысы Римма Жақсылыққызының, ал Бауыржан Дәрібаев Бостан ауылдық округ әкімі Ш.Асановтың қоғамдық қабылдауында болды. Өтініш иелерінің мәселесі қаралып, А.Еркінқызы     Түпқараған аудандық санитариялық эпидимиология басқармасына, Бауыржан Дәрібаев Бостан ауылдық спорт залына тұрақты жұмысқа орналасты.