Оңтүстік Африкадағы Гаутенг провинциясының 37 жастағы тұрғыны Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Aikyn.kz IOL-ға сілтеме жасап хабарлайды. Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-ден алты баланы көрген. Біраз уақыт өткесін, келесі ультрадыбыстық зерттеуден кейін, олар болашақ ата-анаға құрсақта сегіз нәресте бар екенін айтқан. Алайда 7 ай және 7 күн ішінде Тамара Ситол бірден он баланы дүниеге әкелді – жеті ұл және үш қыз. Бұған акушерлер де, ата-ана да таңғалып отыр. Бір уақытта туылған балалар саны бойынша бұдан алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден бірден 9 баланы өмірге әкелген болатын.