Атырау облысында вакцина алғандарға ақша береді  

Атырау облысында вакцина алғандарға ақша береді  

Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі вакцина алушылар арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылмақ. Оған қажет ақшалай сертификатты демеушілер ұсынады.

«Өңірге 1-компоненттің 120 200 дозасы, 2-компоненттің 117 200 дозасы жеткізілді. Бірінші компонент 81 861 адамға, екінші компонент 44 827 адамға салынды. Вакциналау қарқыны артып келеді. Өткен аптада екпе салдырғандар саны 41 пайызға өсті. Жалпы, екпе жүргізу үшін облыс бойынша 41 егу кабинеті ашылды. Оның 10-ы – жылжымалы пункт. Демеушілердің көмегімен 30 маусымнан бастап алдағы 3 ай көлемінде екпе алушылар арасында ақшалай сертификаттардың ұтысы ұйымдастырылады. Бұл туралы БАҚ-та бүгіннен бастап хабарлаймыз. Шара вакцина алатындардың артуына септігін тигізеді деп отырмыз», – деді әкім.