Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

Компанияның мәліметінше, Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар.

«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты қызметтер атқарған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды. Әнуар Ахметжанов – «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. «Энергетикалық ресурстар және технологиялар», сонымен бірге «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Осыған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды.