Журналист Мұрат Нұрбаев жаңа қызметке тағайындалды

Журналист Мұрат Нұрбаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжановтың бұйрығымен Мұрат Нұрбаев ҚР Президенті баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі болып тағайындалды», – деді Берік Уәли. Мұрат Нұрбаев 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2006 жылы осы мамандықтың магистрі атанған. Ол әр жылдары «31-арна», «Қазақстан», «Астана», «7-арнада» журналист, шеф-редактор ретінде қызмет атқарған.

«Қазақстан даму банкі» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының баспасөз қызметінің жетекшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінде консультант, Президенттің баспасөз қызметінде консультант, инспектор лауазымдарында қызмет етті.