Euro-2020: рекордтар мен жетістіктер – Видео

Euro-2020: рекордтар мен жетістіктер – Видео

11 шілде күні Euro-2020 турнирі өз мәресіне жетті. Бір айға созылған чемпионатта көптеген рекордтар орнатылып, еуропаның ең үздік ойыншылары белгілі болды.

 Чех шабуылшысы Патрик Шик 45,4 метр қашықтықтан гол соғып, рекорд орнатты.  https://www.youtube.com/watch?v=Tq8kP9DCcDc 23 маусымда Еуроның топтық кезеңінде төрт матчта 18 гол соғылды - бұл турнирлік рекорд. Еуро тарихындағы ең жас ойыншысы Польша ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кацпер Козловски болды. Жасыл алаңға шыққан сәтте жартылай қорғаушының жасы небәрі 17 жас 246 күн болған.  [caption id="attachment_150972" align="alignnone" > Фото: metaratings.ru [/caption] Бұл турнирде ойыншылар 36 мачта 14 рет пенальти соққысын орындап, тағы бір рекорд орнатты.  [caption id="attachment_151003" align="alignnone" > Фото: «СЭ»[/caption] Англия құрамасының қақпашысы Джордан Пикфорд 721 минут бойы қақпасына гол жібермей, Гордан Бэнкстың рекордын жаңартты. [caption id="attachment_150975" align="alignnone" > Фото:championat.com[/caption] Турнирде жалпы құрамалар 142 гол соққан. Бұл – Еуропа чемпионатындағы рекорд. Құрамалар орта есеппен әр ойында 2,78 гол салған. https://www.youtube.com/watch?v=2-xkg30hp-k   Италия құрамасы 34 ойын бойы жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді. Манчини ойыншылары енді екі ойын жеңілмесе, ұлттық құрамалар арасындағы әлемдік рекордты жаңартады. https://www.youtube.com/watch?v=qfHfsxxPp5c Роналдудың ұлттық құрамадағы голдарының жалпы сандары 109 голға жетті - бұл ирандық Али Даеидің рекордын қайталау.  Еурода ойыншылар 11 рет өз қақпаларына гол соғып алған. Соңғы рет 1960 жылғы еуропа чемпионатында 9 гол салынған. [caption id="attachment_150987" align="alignnone" > Фото: metaratings.ru[/caption] Англия құрамасы финалдық ойында 1 минут 57 секундта гол соғып, рекорд орнатты.  https://www.youtube.com/watch?v=UGSavYCM04o   Испания құрамасының ойыншысы Педри турнирдің 6 кездесуінде 76 шақырым жүгіріп өткен. 18 жастағы ойыншы Еуро-2020 үздік жас футболшысы атанды.  https://www.youtube.com/watch?v=PpM6ewxyVoU Италия құрамасы ЕУРО-ға қатысып, жеңіске жеткені үшін берілген сомма 34 млн еуроны құрады. Еуроға қатысқаны үшін 9,25 млн еуро, Топтық кезеңнен шыққаны үшін 4,5 миллион еуро. 1/8 финалға шыққаны үшін 2 млн еуро, тағы ширек финалға шыққаны үшін 3,25 млн еуро берілді. Жартылай финалда тағы 5 млн еуро тапты. Финалға шығып, жеңгені үшін жалпы 10 млн еуро алды. УЕФА Euro-2020 үздік ойыншылардың командасын жинақтады: Қақпашы:
  • Джанлуиджи Доннарумма (Италия),
Қорғаушылар:
  •  Кайл Уокер (Англия)  
  • Леонардо Бонуччи (Италия)
  •  Гарри Магуайр (Англия)
  • Леонардо Спинаццола (Италия)
Жартылай қорғаушылар:
  • Пьер-Эмиль Хейбьерг (Дания)
  • Жоржиньо (Италия)
  • Педри (Испания)  
Шабылшылар:
  • Федерико Кьеза (Италия)
  • Ромелу Лукаку (Бельгия)
  •  Рахим Стерлинг (Англия)
Бұл дүбірлі доданың басты оқиғаларынң бірі Дания – Финляндия арасындағы кездесуде Кристиан Эриксеннің алаң ортасында есінен танып құлауы болды. Кейінрек УЕФА Эриксеннің есін жиғанын, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.