Мұғалімнің жалған вакцинация паспортын жасатқаны әшкере болды

Мұғалімнің жалған вакцинация паспортын жасатқаны әшкере болды

Ол коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын растайтын құжатты қолдан жасатты деген күдікке ілінді.

Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 37 жастағы мұғалім 5-15 маусым аралығында  коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы жалған паспорт жасатқан.

Полиция факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін Алматыда жалған вакцинация құжатын жасаған дәрігерлердің ұсталғанын жазған болатынбыз.